Құжаттар
Хабарландыру!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 №56) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту» ережесіне сәйкес: МКҚК №33 «Нұрсәт» балабақшасы, 2025-2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлаймыз! Ұсыныстарды қабылдау күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
-жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
-жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
-коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
-ата-аналар комитеті ұсынған әрбір коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
-ата-аналар комитеті ұсынған әрбір топтан, сол мектепке дейінгі ұйымында тәрбиеленушілердің бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
— қайырымдылық жасаушылар (бар болса МКҚК №33 «Нұрсәт» балабақшасы қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткердің ұсыныстарын қабылдау.
Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 шағын ауданы, 15 В үй мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Электронды мекен-жайы: do_nursat33mail.ru
Байланыс телефоны: 8 (7132)772633



